00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлан Каналимов: Елордалық мәслихат депутаттары қайырымдылық акциялардың бастамашысы болады

Ерлан Каналимов: Елордалық мәслихат депутаттары қайырымдылық акциялардың бастамашысы болады
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығында елордалық мәслихат депутаттары қайырымдылық акциялардың бастамашысы болады. Осы бағыттағы жұмыстар соңғы екі сайланымның жұмысы барысында қарқынды жүріп жатыр. Жарқын мысалдардың бірі - «Кирпичный» тұрғын алабының тұрғыны Зульфия Күлтаева үшін жеке қаражатына жаңа үй салған депутат Нұрлан Муслимның әрекеті. Нұрлан Сарбайұлымен бірге үй кілттерін табыстадық. Құрылыс туралы шешім оның үйі еріген суға батып, апатты деп танылғаннан кейін қабылданды», - деп жазды Е.Каналимов. 

Оның айтуынша, жалғызбасты әйелдің өмірі оның үйінен небәрі 100 метр қашықтықта орналасқан мектептің құрылыс жұмыстарының басталуымен өзгерді. Ландшафттың өзгеруі және жер асты суларының жақындығы нәтижесінде Зульфияның үйіндегі су деңгейі жарты метрге көтеріліп, оны өмір сүруге жарамсыз еткен.

«Бұдан әрі мәслихат депутаттары үшін мерейтойлық жыл ең алдымен қаламыздың тұрғындары үшін пайдалы істермен атап өтілетін болады», - деді ол.