00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлан Каналимов Астана қаласы Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерін марапаттады

15 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Ерлан Каналимов Астана қаласы Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерін марапаттады
Фото: Е.Каналимовтың Instagram парақшасынан

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні мен Қаржы саласы қызметкерлері күніне орай Астана қаласының Тексеру комиссиясының мүшелері мен аппаратының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сондай-ақ мәслихат төрағасы аудитор Саида Мұсабаеваға пәтер кілтін табыстағанын жеткізді.

«Айта кетейін, Жоғары аудиторлық палатаның бағалауы бойынша, елордамыздың Тексеру комиссиясы қатарынан екінші жыл көшбасшы позицияларды иеленіп келеді. Депутаттық корпус Тексеру комиссиямен тығыз ынтымақтастықты жалғастыру, мемлекеттік органдар басшыларының қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық бұзушылықтар деңгейін төмендету және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру бағытында жұмыс істеуге дайын», - деді Е.Каналимов.