Елорданың жағажай аймақтарын зерттеу жұмыстары жүріп жатыр
Бүгін, 12:49


Фото: ҚР ТЖМ
Елордалық құтқарушылар прокуратура өкілдерімен бірлесіп жағажай аймақтарының «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Мақсаты - суға жақын демалыс орындарының шомылу маусымының басталуына дайындығын бағалау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Жағажай аумақтарының жай-күйін, су акваторияларының түбін барлау жұмыстары жүргізілуде, актілер жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою үшін жағажай иелеріне тиісінше ұсынымдар берілуде.
Ұқсас жаңалықтар