Елорданың Сарыарқа ауданында жаңа жағалау ашылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорданың Сарыарқа ауданында жаңа жағалау ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172102734924387749.webp)
Сарыарқа ауданында жеке инвестициялар есебінен Шабал Бейсекова көшесіндегі көпірдің жанында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жалпы абаттандырылған аумақ 0,96 га құрайды. Жағалауда қала тұрғындары үшін түрлі демалыс алаңдары орналастырылған. Оның ішінде:
- амфитеатр;
- балалар және спорт алаңдары;
- велосипед, жүгіру, серуендеу жолы;
- баскетбол, волейбол, футбол алаңы;
- өрмелеу алаңы;
- скейтпарк.
Аудан бойынша абаттандыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. Құрылыс маусымы басталғалы Көктөбе көшесінде (Көктал-1 елді мекені) және Фахд бен Абдул Азиз көшесінде (Агроқалашық елді мекені) қоғамдық кеңістіктер ашылды. Сонымен қатар, «Шапағат» СҮ және Желтоқсан-Бұқарбай батыр-Бейбітшілік көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмысы жүріп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың оң жағалауы қалай көркейетінін мәлім еткен болатын.
Оқи отырыңыз: Елорданың оң жағалауы да көркейіп келеді
Оның айтуынша биыл қаланың оң жағалауында 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Қазірдің өзінде 50-ге жуық орында тиісті жұмыстар аяқталған.