Елорданың Сарыарқа ауданында тағы бір учаске газдандырылды
Сарыарқа ауданының Кендал көшесі, 6 және 8 мекенжайлары бойынша бірнеше қабатты үйлер газдандырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қалалық Энергетика басқармасының мәліметінше, жобада бұған дейін газдандырылмаған 137 абонентті қамтитын 30 көше ескерілген. Олар бойынша газ тарату желілерінің құрылысы толығымен аяқталды.
«Құрылыс-монтаж жұмыстары қатаң техникалық қадағалаумен өтті. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде аяқталды», - деп атап өтті мердігер компанияның өкілі Әсет Сүлейменов.
Бүгін газ Кендал көшесі, 6 және 8 мекенжайларына беріле бастады.
«Бұл - біздің өміріміздегі бақытты сәт! Көгілдір отынмен бірге біздің үйге жылу мен бақыт келді. Бұрын біз жылыту үшін электр және көмір қазандықтарын қолданған едік, енді оған еш алаңдамаймыз. Үйлердегі батареялар өте жылы, ыстық су штаттық режимде жұмыс істейді», - деді газдалған үйдің тұрғындарының бірі.
Жыл соңына дейін қалған абоненттер үшін газ іске қосылады деп күтілуде.
Бұған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады, бұл Сарыарқа (Көктал-1, Көктал-2 т/м, Агроқалашық және Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінде), Алматы («Теміржолжылар» т/м, «Промышленный», «Оңтүстік-Шығыс» оң жағы, «Оңтүстік-Шығыс» сол жағы, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный, сондай-ақ «Ақбидай», «Қазақауыл» екі шағын аудандарында), Есіл (Велла вильж, Куршавель т/к, Фэмэли таун, Фэмэли парк т/к) және Нұра (Будапешт т/к, Космик Сити) аудандарында тұтынушыларды қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ «Тұран», «Тельман», «Оңтүстік-Шығыс» және «Үркер», «Пригородный», «Family Village», «Өндіріс», «Кирпичный» газ жылыту станцияларына газ жеткізу желілерінің құрылысы аяқталды.