00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың «Үркер» тұрғын үй алабында рейдтік іс-шаралар өтеді

5 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Елорданың «Үркер» тұрғын үй алабында рейдтік іс-шаралар өтеді
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Нұра ауданында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Мұнда әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұл шара тұрғындарды өрт қаупінен қорғауды күшейту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ресми деректерге сүйенсек, 2023-2024 жылғы жылыту кезеңінде Астана қаласында 419 өрт оқиғасы тіркелген, бұл алдыңғы маусыммен (2022-2023 жж.) салыстырғанда төмен көрсеткіш (458 өрт). Өрттер салдарынан, өкінішке орай, 9 адам қаза тапқан, оның ішінде 4 бала бар (2022-2023 жж. – 7 адам, 1 бала). Сонымен қатар, 14 адам жарақат алған (2022-2023 жж. – 32 адам).

Қайғылы жағдайлардың алдын алу және азайту мақсатында азаматтық қорғау органдары, полиция, еріктілер және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, «Үркер» тұрғын үй массивінде рейдтік іс-шаралар өткізетін болады. Жеке секторды толық қамту мақсатында, жедел әрекет ету автокөліктеріне орнатылған дауыс зорайтқыштар арқылы тұрғындарға ақпарат жеткізіледі.

Сонымен қатар, «Үркер» тұрғын алабында әлеуметтік осал топтарына көміртегі тотығы мен түтін датчиктерін орнату жоспарлануда. Аралау барысында пештердің құрылысы мен мұржалардың, сондай-ақ электр жылытқыштарының жағдайына ерекше назар аударылады.