00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында мектеп салынады

21 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында мектеп салынады
фото: gov.kz

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы тұрғындарымен  кездесу кезінде айтты, деп хабарлады Elorda.info.

аким столица.jpg

Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының (Алматы ауданы) тұрғындарымен кездестім. Бұл шағын ауданда 80 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындар инженерлік желілер, жолдар, әлеуметтік нысандар салу, абаттандыру, автобус санын арттыру, интернет секілді өзге де мәселелерді көтерді.

Бұл шағын аудандағы басты міндет – инженерлік желілер мен жолдар салу, абаттандыру. Біз ең бірінші кезекте осы жұмыстарды орындаймыз. Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыста мектеп салынады.

Балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін арнайы орындар ашу маңызды екенін ескере отырып, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер, сол сияқты дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін саламыз. Балаларды көбірек қамту үшін үш жыл ішінде 15 Оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз. Олардың бесеуінің құрылысы күзде басталады. Олардың бірі Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында орналасады.

WhatsApp Image 2023-06-21 at 22.41.12.jpeg

Биыл жалпы қала бойынша 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер, 11 мектеп, 150-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік салуды, 400-ге жуық автобус және т.б. іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды. Шағын аудандар мен елді мекендерді жұмыс кестесіне сәйкес дамытатын боламыз,-деп жазды қала әкімі.