Елордалық жас құтқарушылар командасы халықаралық жарысқа қатысады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық жас құтқарушылар командасы халықаралық жарысқа қатысады
Фото. Төтенше жағдайлар министрлігі сайтынан

Елордалық жас құтқарушылар командасы Әзербайжан Республикасына жарысқа аттанады, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар  министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов жас құтқарушылармен кездесіп, жарыста сәттілік тіледі.  

Әзербайжан Республикасында жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жас құтқарушы» Халықаралық балалар-жасөспірімдер жарысы өтеді. Оған Төтенше жағдайлар министрлігінің командасы да қатысады. 

Жарыс 23 маусым мен 3 шілде аралығында Әзербайжан Республикасының Гябяля қаласында өтеді. Онда еліміздің атынан Астана қаласының «Жас құтқарушылар» командасы бақ сынайды.