Елордалықтар Backstreet Boys әншілеріне шапан мен домбыра тарту етті

Бүгін, 11:52
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views50
Елордалықтар Backstreet Boys әншілеріне шапан мен домбыра тарту етті
Фото: Малик Хасенов/Instagram

Желіде Астанада жүрген Backstreet Boys әншілерінің видеосы тарады. Елордалықтар әлемдік жұлдыздарға асқан сыйластық танытып, оларға шапан кигізіп, домбыра тарту еткен, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Астана концерт» продюсері Малик Хасенов өзінің Instagram-дағы парақшасындаBackstreet Boys тобының мүшелерімен түскен видеосын жариялап, ел назарын аударды. Бейнежазбада шетелдік әншілердің домбырада қалай ойнау керектігінін тамашалап тұрғанын байқауға болады. Ал Ник Картердің бұл сәтте қазақтың ұлттық шапанын киіп алғаны көпшілікті сүйсінтті.