Астанадағы тұрғын алапта 700-ден астам ағаш отырғызылды

Бүгін, 13:02
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views76
Астанадағы тұрғын алапта 700-ден астам ағаш отырғызылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Есіл ауданының Пригородный тұрғын алабында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысушылар 700-ден астам ағаш көшетін отырғызды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Тұрғын алапта отырғызылған ағаштардың арасында жүздеген қарағаш, тал, терек, мамыргүл және емен көшеттері бар.

Акцияға жергілікті тұрғындар, шағын және орта бизнес өкілдері, пәтер иелері кооперативтері, мүлік иелері бірлестіктері, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру саласының қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері, спортшылар, мұғалімдер қатысты.

«Бұл ағаштар ауданның сәніне келтіріп, тұрғындарға таза ауа, көлеңке және жайлылық сыйлайды. Акцияға қатысушылардың кеңінен атсалысуы – барлығымыздың Есіл ауданын таза, жасыл әрі көрікті етуге ұмтылысымызды көрсетеді», – делінген Есіл ауданы әкімдігінің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 13 қыркүйек пен 11 қазан аралығында дәстүрлі экологиялық айлық «Таза Қазақстан: Таза Астана» өтіп жатыр.