00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық құтқарушылар өрт тактикалық жаттығу өткізді

27 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық құтқарушылар өрт тактикалық жаттығу өткізді
Фото: gov.kz

Жаттығу шарты бойынша сауда орталығының 2 қабатында орналасқан бутиктерінің бірінен электр жылыту құрылғысы сымдарының қысқаша тұйықталуынан өрт шықты. Шақыртудың жоғары санаты бойынша оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қою қара түтінге оранған нысанды көреді. 

Жаттығудың мақсаты - өрттің алдын алу жұмыстары және Астана қаласы өрт сөндіру гарнизонының жеке құрамы өрт сөндіру кезінде іс-қимылдарын жетілдіру және сауда орталығы қызметкерлерімен өрт болған жағдайда өзара әрекеттесу іс-қимылдарын пысықтау.  Жаттығуға Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 38 адамы мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.