Елордалық құтқарушылар Абай облысына орман өртін жоюға аттанды (ВИДЕО)
24 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Астаналық ТЖД гарнизонының 103 өрт сөндірушісі мен 18 техника Абай облысындағы орман өртін жоюға аттанды, деп хабарлады Elorda.info.
Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда Абай облысында "Семей орманы" МОТР аумағында өрт тіркелді.
Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Ержан Таласбаев басшылық етуімен өрт сөндірушілер жолға аттанар кезде қолдау көрсету үшін Астана қаласы ТЖД бастығы Қуанар Базарбаев келді.
Елордалық бас құтқарушы ел басына күн туған кезде көмекке аттанған өрт сөндірушілерге өртпен күресте жеңіске жетулерін және жол амандығын тіледі.
Ұқсас жаңалықтар