00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық балаларға елу оқу сөмкесі таратылды

Елордалық балаларға елу оқу сөмкесі таратылды
Фото: Василий Крась

Астана қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы «Бақытты отбасы» қоғамдық қорымен бірлесіп «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл акцияның өткізілгеніне биыл 10 жыл толып отыр. 

«Осы комиссияның мүшесі, «Қазақстанның әйелдер күштері альянсы» төрайымының орынбасары ретінде және жеке кәсіпкер, қоғам белсендісі ретінде көптеген жылдардан бері аталған акцияға белсенді атсалысып келеміз. Осындай қайырымдылық іс-шарасын өткізудегі мақсатымыз - нарықта бағаның қымбаттауына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға көмектесу,  осындай балалары бар отбасыларды қанатының астына алып отырған қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсету», - деді  Астана қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, кәсіпкер Баян Тойкебаева. 


Ол, сондай-ақ, комиссияның жұмысының бірі қиын жағдайға түсіп қалған әйелдер мен балаларға қолдау көрсету екенін айтты. Комиссия кей кезде аналарды жұмысқа, ал олардың балаларын балабақшаға орналастыруға және басқа да құжаттар бойынша жәрдем көрсетіп келеді. 

«Бақытты шаңырақ» ҚҚ денсаулығында кінәраты бар балалары бар отбасын қолдау үшін құрылды. Қордың қанатының астында бүгінде 850 отбасы бар. Мұнда балалар мен ата-аналар үшін оңалту бөлмелері, жалпы білім беретін курстар жұмыс істейді. Сондай-ақ, заң тұрғысында және психологиялық кеңестер беріледі», - деді «Бақытты шаңырақ» ҚҚ төрайымы Ботагөз Сұлтанова.