Елордада «Әзім әңгімесі» атты хореографиялық спектаклі өтеді

30 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада «Әзім әңгімесі» атты хореографиялық спектаклі өтеді
Фото: «Наз» мемлекеттік би театры баспасөз қызметі

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК  мен Жастар сарайы қала күніне және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына  арнап «Әзім әңгімесі» хореографиялық спектаклін ұсынады, деп хабарлады Elordainfo.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қойылым А.Құнабайұлының аяқталмай қалған шығармасы «Әзім әңгімесі» ертегісінің желісі негізінде сахналанып отыр. Хәкім Абай «Мың бір түн» әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады. Бұл қойылым – ұлттық өнер мен заманауи хореографияның тоғысқан көркем туындысы. Спектакль Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын, терең философиясын би тілі арқылы көрерменге жеткізуді мақсат етеді.

Театр ұжымы барша өнер сүйер қауымды би өнерінің сиқырымен Абай әлеміне саяхат жасауға шақырады.

Спeктакльдің қоюшы хореографтары С.Дүзбаев, А.Беглова, Ұ.Изенаев, М.Байбулова, қоюшы-режиссер Қ. Ағымбаева, авторы Е.Ағымбаев, музыка авторы және музыкамен өңдеген Қорғанбек Ержан, киім дизайнері «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ақбота Тоқтасынова,театрдың көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстері Қадиша Ағымбаева, «Наз» мемлекеттік би театрының директоры Е.Ағымбаев.

Спектакль 1 шілдеде сағат 19:00-де «Жастар» сарайында (Республика көшесі, 34) өтеді.