00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жылу желілерін жөндеу жұмысы қалай жүріп жатыр?

15 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жылу желілерін жөндеу жұмысы қалай жүріп жатыр?
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті инвестициялық бағдарламаны іске асырылуын көрсету мақсатында баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың бірнеше нысандарындағы жөңдеу жұмыстарымен танысты. Олар алдымен Жұмабек Тәшенов көшесі 3-ші үй мекенжайынан бастап 16-шы үйге дейін жүргізіліп жатқан жылу желілерін қайта жаңарту жұмысына назар аударды. 

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мағжан Қуанышбектің сөзінше, биыл елордада инвестициялық бағдарлама бойынша 2,9 млрд қаржы бөлінген. 

WhatsApp Image 2023-08-15 at 12.35.27.jpeg

Осы жылы инвестициялық бағдарлама бойынша 2,9 млрд теңге бөлінді. Бүгінде жұмыстың 80 пайызы атқарылды. Қалған 20 пайызын қазан айының соңына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша осы жылы қосымша 1 млрд 145 миллион бөлінді. Қазір қала бойынша жылу құбырларының 55.2 пайызы тозған.  Осы жылы 9 шақырым жылу трассасын жөңдеу жоспарланды. Жылу науқаны басталғанша барлық жұмыс аяқталады,- деді  Мағжан Қуанышбек.

Инвестициялық бағдарлама қолданыстағы жылу желілерін диаметрі 50-400 мм, ал ұзындығы 8,335 шақырым болатын 15 нысандары қайта жаңарту көзделген.

Әріқарай қоғам белсенділері Мұхтар Әуезов көшесі 25-27 үйлер бойындағы жылу трассасын қайта жаңарту жұмысымен танысты. Дәл мұндай жұмыс Бейбітшілік көшесі 24,26,28 үйлер бойында және Бөгенбай батыр даңғылы 50/1 даңғылында жүргізіліп жатыр. 

WhatsApp Image 2023-08-15 at 12.35.25 (1).jpeg

«Астана-Теплотранзит» АҚ төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Марат Сеитқазиев жер асты жылу желісінің тиімділігін атап өтті.

WhatsApp Image 2023-08-15 at 12.35.22.jpeg

Жылу желісін төсеу әдісі – жер асты, басым бөлігі арнасыз. Автокөлік жолдарының астынан өтетін жерлерде құбыр жеңілдеткіш тақтайлармен қорғалған. Жылу желісі ғимаратқа жақындаған жерлерде арнаға төсеу қарастырылған. Жұмыс жобасында қарастырылған энергия үнемдеу шаралары желідегі судың ағып кетуін болдырмауға және жылу энергиясының ысыраптарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Жер асты арнасыз төсеу үшін полиэтиленнен жасалған жабын қабаты бар алдын ала оқшауланған құбырлар тікелей жерге, қалыңдығы 150 мм алдын ала тығыздалған құмды негізде орнатылады. Бүгінде барлық үйлер ыстық сумен  толық жабдықталды,- дейді Марат Сеитқазиев.

Жылу желілерінің жұмысымен танысқан Астана қаласы мәслихат депутаты Кендебай Адамбековтың  сөзінше, жылу трассаларының тозуы әсіресе қаланың оң жағалауына тиесілі екенін айтты.

WhatsApp Image 2023-08-15 at 12.35.25.jpeg

Елордада 15 жылдан бері жылу трассаларына қатысты көп мәселелер шешілді. Бірақ биыл Президент тапсырмасы бойынша «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы қарастырылып жатыр. 1 шілдеден бастап жылу тарифі 19 пайызға қымбаттады. Осыған орай қала бойынша 15 нысанда күрделі жөңдеу жұмыстары жасалып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, Үкімет жылу құбырларының тозуын  55 пайыздан 40 пайызға азайтуды тапсырды. Олардың тозуы әсіресе оң жағалауға тиесілі, сол жағалауда құбырлар әлі жарамды. Былтыр елордада жылу жетіспегенін бәріміз білеміз. Сондықтан да бүгінде жұмыс жүйелі жүргізіліп, жылыту маусымында мәселе болмайды деп үміттенеміз,- дейді мәслихат депутаты.

Қоғам белсенділері барған үшінші нысан Республика даңғылы 25 мекенжайда орналасқан. Жауапты маманның сөзінше, бүгінде жұмыс 100 пайызға орындалған. 

WhatsApp Image 2023-08-15 at 12.35.26.jpeg

Жалпы кәсіпорын жылыту маусымына дайындық шеңберінде барлығы 8, 935 шақырым трассаны қайта жаңартуды қарастырып отыр. Бүгінде оның 5,435 шақырым ауыстырылып, көлемі 61 пайызын құрайды. Жөңдеу жұмыстарын аяқтау қазан айының соңына жоспарланған. 

WhatsApp Image 2023-08-15 at 12.35.23.jpeg