00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жол ақысын төлемеген 320 мыңнан аса жолаушы анықталды

Елордада жол ақысын төлемеген 320 мыңнан аса жолаушы анықталды
фото: Бақытгүл Бурбаева

Жыл басынан бері CTS көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарған 320 520 жолаушы анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның 15 228-іне полиция қызметкерлері хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 112 млн теңгеден асады.

Көліктік бақылау департаменті жолаушыларды қоғамдық көлікте жол ақысын уақтылы төлеуге шақырады.

Жол ақысын төлей отырып, сіз қоғамдық көліктің дамуына үлес қосасыз. Сіздің төлеміңіз жылжымалы құрамды жаңартуға, автобустар санын көбейтуге және жаңа маршруттарды ашуға және жолаушылар ағынын саралауға мүмкіндік береді. Бұл маршруттық желіні дұрыс құруға, бағдарларды өзгертуге және қосуға, шамадан тыс жүктелген бағыттарға жүктемені азайтуға және көлік қызметін оңтайландыруға көмектеседі. Сонымен қатар жанар-жағармай сатып алуға және жүргізушілердің жалақысын төлеуге, осылайша қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс жасауына ықпал етеді. Жол ақысын уақытылы төлеп, қоғамдық көліктің барлығына ыңғайлы болуына көмектесіңіз!,- деп жазылған  CTS хабарламасында.