Елордада жеке инвестициялар есебінен балабақшалар салынады
Елордада жеке инвестициялар есебінен балабақшалар салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жеке инвестициялар есебінен 30 балабақша салу туралы келісім бар. 2 жыл ішінде 40 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде, жергілікті бюджет есебінен 18,3 мың орындық 13 мектепті (5 мектеп және 8 жапсаржай) пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, - деді әкім.
Жыл сайын қалада 30 мыңнан астам бала дүниеге келеді.
Елорда халқы жыл сайын жасарып келеді.Тұрғындардың орташа жасы 30 жасты құрайды, жыл сайын 30 мыңнан астам бала туады. Қалада балабақшалар жетіспейді, мектептерде бала саны шамадан тыс толық болып отыр. Қазіргі уақытта елордада оқушы орындарының тапшылығы 26 мың орынды құрайды, 8 мектеп – үш ауысымды оқытумен және 18 мектептің жұмыс режимі тығыздалған, - деді Жеңіс Қасымбек.