Елордада «Жан пида» спектаклінің премьерасы өтеді
30 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қойылымда табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым-қатынасты биік адамгершілік деңгейде көтеріп, оның мәңгілік ажырамас байланысына философиялық астармен қарауға үндейді.
Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбай.
Жарық дүниеде адамға не қиыншылық кездеспесін, ол кімнен қиянат көрмесін, бірақ, шындық мәңгі өмір сүреді. Адам туады, өледі, бірақ мәңгі-бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар..., – деп атап өтті режиссер.
Айта кетейік, спектакль Қырғызстанда өткен заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған VI халықаралық «Айтматов және театр» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар