Елордада жаңа стадион салынады
«Мемсараптама» РМК Астанада Мұнайтпасов атындағы стадионның құрылысына жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді. Бұл туралы Elordainfo.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Нысанның құрылысы Сарыарқа ауданындағы Кенесары көшесі, 14 мекен-жайы бойынша қарастырылған. Нысанның құрылыс алаңы 15 мың ш.м. асады.
«Болашақ стадионның ғимараты 3 600 адамға арналған үш қабатты болады. Стадион батыс және шығыс жағында әр түрлі қабаттағы екі блоктан тұратын жабық ғимарат болады, оның үстіне металл арка қосылған», - делінген министрліктің хабарламасында.
Жобаның құрылысына тапсырыс беруші «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ, бас жобалаушы – «Құрылысконсалтинг ҰО» АҚ Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша филиалы. Жобаны 16 айда аяқтау жоспарлануда.