Елордада Жаңақоныс көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Кенжин көшесінен Д.Бабатайұлы көшесіне дейінгі учаскеде Жаңақоныс көшесінің жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты 8-9 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады. Бұл ретте қозғалыс іргелес көшелер арқылы ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:27
Астанада аула сыпырып жүрген жұмысшыларды полицейлер ұстап әкетті

Бүгін, 14:24
Астанада такси жүргізушісі есірткімен ұсталды

Бүгін, 13:34
Respublica жастарға сөз берді: Астанада Jas Republic Cup II дебат турнирінің финалы өтіп жатыр

Бүгін, 12:55
Астанада қалалық STEM олимпиадасы өтіп жатыр