Елордада жаңа аудан құру жобасы талқылауға ұсынылды
26 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
Халық санының өсуіне және аумақтың қала құрылысы инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астанада Алматы ауданын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұған дейін елордалық мәслихат төрағасы Е.Каналимов Астанада алтыншы аудан құруға бастамашы болған.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес аталған ауданды екі бөлікке бөлу ұсынылады:
- өзінің тарихи атауын сақтайтын – Алматы ауданының ауданы 8 518 га құрайды;
- жалпы ауданы 6 953 га болатын жаңа әкімшілік аудан (бұдан әрі – жобаланатын аудан).
Құжат жобасы жария талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Алматы ауданында зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті
21 қараша, 2024
Елордада «Наз» мемлекеттік би театрына арналған кітаптың тұсаукесері өтті
21 қараша, 2024
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға арналған орталық ашылады
21 қараша, 2024
Мәслихат депутаттары елордадағы жастар орталықтарының жұмысымен танысты