Елордада йогадан жаттығулар өтеді
15 маусым, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігі
Халықаралық йогa күніне орай елордада ашық алаңдарда йога жаттығулары өткізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шараны Астанадағы Үндістан елшілігі жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығы ұйымдастырып отыр. Ол 21 маусым күні қаладағы Ботаникалық саябақта өтеді. Жаттығу 06.00-де басталады. Ресми іс-шара таңғы сағат 07:45-те болады.
11-ші Халықаралық йога күні Шымкент, Петропавл, Ақтау, Алматы секілді қалаларда да атап өтіледі.
«Ыңғайлы спорттық киім мен өзіңізбен бірге йога кілемшесін алып келуіңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:43
Елордада Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін, 17:32
Астанада трансплантацияны күтіп жүрген пациенттерді қолдауға арналған жүгіру фестивалі өтеді

Бүгін, 17:09
Астаналық полицейлер мас жүргізушілерді анықтады

Бүгін, 16:58
Елордада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнама өзгерістері талқыланды