Елордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында спорттық жарыс өтті

Елордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында спорттық жарыс өтті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Нұра» ауданы әкімдігімен бірлесіп мектеп оқушылары арасында «Кім жылдам» атты спорттық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.


Шараға барлығы 60 оқушы қатысып, үш командаға бөлініп өзара мықтыны анықтады.

«Бүгінгі спорттық жарыс командалық форматта өтті. Сайыстың басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, ұйымшылдықты және рухты нығайту. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа ұқыпты қарауға баулу», — деді Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының маманы Гүлнар Базарханова.

Сайыс үш кезеңнен тұрды. Алдымен оқушылар командалық эстафетаға қатысты. Кейін жарысқа қатысушылар белгіленген аумақта қоқыс жинап, оның көлемі мен жиналу уақытына қарай бағаланды. Нәтижесінде өз аумағындағы қоқысты ең көп әрі ең жылдам жинаған команда жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтармен және алғысхаттармен марапатталды.