Астанада №117 жаңа мектепке ыңғайлы кіреберіс қамтамасыз етілді

Бүгін, 14:04
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views45
Астанада №117 жаңа мектепке ыңғайлы кіреберіс қамтамасыз етілді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада №117 жаңа мектепке ыңғайлы кіреберіс қамтамасыз етілді және қауіпсіз қозғалыс ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жаңа №117 мектепке оқушылар мен олардың ата-аналары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Төле би көшесінен ЕК-13 көшесі арқылы ыңғайлы кіреберіс қамтамасыз етілгенін мәлім етті.

Сонымен қатар, мектептің айналасында – ЕК-20, ЕК-16 және ЕК-16/1 көшелері бойынша біржақты қозғалыс ұйымдастырылып, бұл көлік ағындарын тиімді бөлуді және білім беру мекемесінің маңындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Мектеп тарапынан жаяу жүргінші тротуарларын абаттандыру жұмысы орындалды.

Бір атап өтерлігі, ЕК-13 көшесінен Әнет баба көшесіне дейінгі тротуарлар биыл қазан айында абаттандырылады.

Аталған іс-шараларды іске асыру қауіпсіз және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру нысандарына көлікпен қолжетімділікті жақсартуға бағытталған.