Елордада синтетикалық есірткі жарнамалары жойылды
3 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Астана қаласы Сарыарқа ауданында «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділер аудан аумағындағы синтетикалық есірткі жарнамаларын жойды, деп хабарлады Elorda.info.
«Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Арғынұлы және Айтым Жақыпов, Василий Тахтай «Есірткіге жол жоқ» акция барысында синтетикалық есірткі жарнамасынан тазартты.
Акцияның мақсаты – адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын түсіндіре отырып, саналы, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау, - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм.
Еске сала кетейік, тұрғындар есірткі жарнамаларын байқаған жағдайда аудан аппаратының әлеуметтік желілеріне жазып, өз өтінімдерін қалдыра алады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:57
Астаналық жастар тұрғындарды экологиялық акцияға қатысуға шақырды
Бүгін, 12:22
Есірткі өндіретін астыртын зертхана ашқан 3 астаналық бас бостандығына айырылды
Бүгін, 11:47
Елордада танымал әнші Jony-ге көшет сыйлады
Бүгін, 10:35
Татуласу орталықтарында медиатор мен психологтар консультациялар өткізеді