Елордада Ш.Құдайбердіұлы мен А.Пушкин көшелерінің қиылысына жөндеу жүргізіледі

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш. Құдайбердіұлы мен А. Пушкин көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты, 3 мамыр күні сағат 19:00-ден бастап 5 мамыр күні сағат 06:00 дейін көрсетілген қиылыста қозғалыс толығымен жабылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

18 тамыз, 2025
Тамыз конференциясы: Астана қалалық ұстаздар форумы өтіп жатыр

18 тамыз, 2025
«Қонақүй брондауды растамаған»: Елордалық полицейлер Швейцариядан келген туриске көмек көрсетті

18 тамыз, 2025
Елордада SOS батырмасы арқылы жоғалған қыз табылды

18 тамыз, 2025
Биыл елордада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып жатыр