Елордада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй биыл пайдалануға беріледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй биыл пайдалануға беріледі
Фото: Қала әкімінің Instagram парақщасынан алынды

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақщасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

20-07-1.jpg

Қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралауды ары қарай да жалғастырамыз. «Қорғалжын кварталы», «Мирный дом», «Араби 2 – Гранитный 2», «Зере-2», «Арыстан», «Future Home», «Садовые кварталы», «Территория комфорта-1 2-кезек» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездестім. Үлескерлермен бірге құрылыс барысын бақылауда ұстаймыз, - деп жазды елорда әкімі.

20-07-3.jpg
Құрылысы ұзаққа созылған ғимараттардың жағдайы әртүрлі. 

20-07-4.jpg

Бір жерінде үйдің тек жақтауы ғана бар болса, енді бір тұсында тек қазаншұңқыры ғана қазылған. Мәселен «Арыстан» тұрғын үй кешенінің құрылысы 11 жыл бұрын басталған. Ал нысанды өткізу кезінде тек 20-30%-ы ғана дайын еді. «Садовые кварталы» тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылса, нысанды өткізу кезінде іргетасы ғана болатын! Мыңдаған үлескер отбасы баспанасын күтіп жүр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әр үй бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлаудамыз. Бұл – шамамен 4 мың үлескер отбасы. Олардың бір бөлігін аяқтадық, - деп жазды Жеңіс Қасымбек. 



20-07-5.jpg

Үлескерлер кездесулерде абаттандыру, инженерлік желілер салу және т.б. мәселелерді көтерген.

20-07-6.jpg

Біз өз тарапымыздан мердігерлерге барынша көмек көрсетеміз. Дегенмен олардың үлескерлерді жалған уәдемен үміттендіруіне жол бермейміз. Біздің міндетіміз – ұзақ құрылыстарды аяқтау және үлескерлерге пәтер кілтін тапсыру, - деді қала басшысы.

20-07-7.jpg

20-07-8.jpg

20-07-9.jpg

20-07-10.jpg