00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада мемлекеттік қызметкерлерге семинар өткізілді

19 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Елордада мемлекеттік қызметкерлерге семинар өткізілді
Фото: Астана қаласы діндерді зерттеу орталығы

Астана қаласы  Діндерді зерттеу орталығы мемлекеттік қызметкерлерге  «Мемлекет және дін: өзара әрекеттесудің заманауи тенденциялары»тақырыбында біліктілігін арттыру семинарын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық  Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен өткен іс-шара Қазақстан Республикасының Дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттік қызметкерлердің дін саласына қатысты біліктілігін арттыру.

Семинарда Астана қаласы дін істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Сұлтанбейбарыс Басир  алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кейін  М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің Ислам және қазақ құқығы орталығының директоры Асқар Сабдин, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының кафедра меңгерушісі Бүркіт Нұрмағамбетов, «Kazdream» компаниясының сарапшысы Александр Антипин, Астана қаласы дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Асел Даниярова баяндама жасады.

Іс-шарада радикалды діни көзқарастың қоғамға кері әсері, дін және мемлекет қарым-қатынасы, интернет кеңістіктегі киберқауіпсіздік, дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтаржәне т.б. мәселелерге ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, бұл семинар Астана әкімдігі тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып келеді.