Елордада ұландықтар жоғалған баланы тапты
Астанада ұлттық ұланның сарбаздары жоғалған баланы тапты, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кешкілік болған.
Сағат 20:20 шамасында «Сарыарқа» ауданында Ұлттық ұланның әскери жасағына бір әйел өзінің баласын таба алмай жатқанын айтып, көмекке жүгінді. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Георгий Лебакин мен қатардағы жауынгерлер Бекболат Ескендір және Арсен Қази бұл туралы дереу патрульдік топ бастығына баяндап, жақын маңдағы жасақтарды хабардар етті, - деп жазылған хабарламада.
Аз ғана уақыт ішінде әскери жасақтың көмегімен төрт жасар бала табылды. Кейін олар баланы аман-есен анасына тапсырды. Баласының табылғанынақуанған ана ұландықтарға алғысын білдірді.
Сондай-ақ ұландықтар жоғалған «IPhone 14» маркалы телефонды тауып, иесіне қайтарды.
Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Біржан Жақсылықов пен патрульдік қатардағы жауынгерлер Бақдәулет Асылхан мен Әлішер Махмет құрамындағы әскери жасақ патрульдеу бағытында «IPhone 14» маркалы смартфонды тапты. Бұл жағдай туралы байланыс құралдары арқылы әскери жасақ бастығына баяндалды.
Біз іздеуді бастағаннан кейін телефонға смартфон иесінен қоңырау түсті. Кейін ол телефон табылған жерге келді. Әңгіме барысында біз смартфонның осы жас жігітке тиесілі екеніне көз жеткізіп, оны иесіне қайтардық, - деді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Біржан Жақсылықов.
Кейін ұялы телефонның иесі сарбаздарға алғыс айтты.