Астана тұрғыны жоғалған сөмкесін тапқан полицейлерге алғыс айтты
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана тұрғындары «102» каналы арқылы көмекке келген полиция қызметкерлері туралы пікірлерін айтып, жиі алғыстарын білдіріп жатады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кезекті алғыс автобустың ішінде сөмкесін ұмытып кеткен қала тұрғынынан келіп түсті.
Нақтырақ айтсақ, азаматша елордада маршруттық автобустың ішінде сөмкесін ұмытып кеткен, сөмкенің ішінде ірі сомалы ақша, алтын зергерлік бұйымдар, Iphone және Samsung маркалы екі телефон болған. Кейін «102» каналына хабарласып, полициядан көмек сұраған. Хабарласқан азаматтың шағымын орындау үшін полиция қызметкерлері жоғалған затты іздестіруге кірісіп, сөмкені тауып иесіне қайтарып береді.
Қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бүгін, 08:34
Елордада Д.Қонаев көшесінде көлік қозғалысы қайта ашылды
Бүгін, 07:31
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
27 қазан, 2025
Елордада халықты жұмыспен қамту бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатыр
