21 қарашада барлық өңірде дабыл белгісі қосылады

Фото: pixabay.com
Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына сирена қосу жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу нәтижесі бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдай салдарын жоюға дайындығына баға беріледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:45
Шаруалар ЖИ көмегімен техниканы лизингке алуға өтініш бере алады

17 қыркүйек, 2025
Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шықты

17 қыркүйек, 2025
Ерікті автосақтандыру: қазақстандықтарға КАСКО бойынша қанша төленді

16 қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматыдағы 120 гектарлық инновациялық бақтың жұмысымен таныстырды