00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Конституция күніне орай «SARYARQA RUN» ауқымды марафоны өтеді

Елордада Конституция күніне орай «SARYARQA RUN» ауқымды марафоны өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

ҚР Конституциясы күніне арналған «SARYARQA RUN» жаппай марафоны 31 тамыз күні Астанада өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Старт қала әкімдігінің алдындағы қалалық алаңнан (Бейбітшілік көшесі, 11) басталады. Жарыстың жалпы қашықтығы – 5 км.

Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 24-30 тамыз аралығында (15:00-ге дейін) өтеді. Тіркелу тегін.

Нөмірлерді беру жарыс күні сағат 07:00-де өтеді.

Жарыстың басталуы – сағат 08:00-де. Қатысушылардың лимиті – 500 адам. Марафонға қатысушылар 16 жастан бастап қана қатыса алады.

Марафон аяқталғаннан кейін жеңімпаздар санаттар бойынша марапатталады:
- 16 жастан 49 жасқа дейінгі ер адамдар
- 16 жастан 49 жасқа дейінгі әйелдер
- 50 жастан жоғары ер адамдар
- 50 және одан жоғары жастағы әйелдер.
Олар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ марафонның қатысушыларына естелік медальдар беріледі.