Елордада кітапханалар жүйесі жаңғыртылады
Елордада мәслихат депутаттары қолдаған кітапхана жүйесін жаңғырту қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Жөндеу жұмыстары 18 кітапхананың төртеуінде басталды: Орталық балалар мен жасөспірімдерге арналған, №3, №4 балалар, сондай-ақ зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханалар.
Кітапханаларда жұмыс кеңістігі айтарлықтай өзгереді, олар коворкингке, тыныш және балалар аймақтарына бөлінеді, сонымен қатар компьютерлік зертханалар пайда болады, ал ыңғайлы болу үшін бұл аймақтар заманауи жиһаздармен жабдықталады. Кітапханаларда жоғары жылдамдықты интернетке, электрондық базаларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі, сондай-ақ мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтары бар компьютерлер сатып алу жоспарлануда. 4 кітапхананы жаңғырту биыл аяқталады, - деді Е.Каналимов.
Сонымен қатар, елорда тұрғындарының өтініші бойынша қаланың шағын аудандарында жаңа заманауи кітапханаларды ашу үшін 4 ғимаратты елорда әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ балансына беру мәселесі пысықталуда.