Елордада үкіметтік емес ұйым өкілдеріне кәсіби курс өткізілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада үкіметтік емес ұйым өкілдеріне кәсіби курс өткізілді
коллаж Elorda.info

Астанадағы Азаматтық бастамалар орталығында елордалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін оқыту іс-шаралары өткізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Оқыту «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында тегін жүзеге асырылады. 

"Жергілікті бастамалар" курсы кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті білім беру және дағдыларды дамыту арқылы коммерциялық емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметкерлері мен белсенділерінің, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға бағытталған. 

Курстың тренингтері мен семинарларында қатысушылар келесі тақырыптар бойынша өз құзыреттерін арттырды:

  • Қай ҮЕҰ өмірі жақсы? (Коммерциялық емес ұйымның тұрақтылығы/ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара әрекеті)
  • Әлеуметтік жобалау 
  • ҮЕҰ-дағы менеджмент
  • Әлеуметтік кәсіпкерлік – А-дан Я-ға дейін
    • Адам ресурстарын басқару: нені білу маңызды? 
  • Табысты ҮЕҰ: ҮЕҰ үшін ұзақ мерзімді жоспарлау
  • Қоғамдық мүдделерді ілгерілетудегі шешендік өнер.

Қатысушылар үшін өз саласындағы нағыз кәсіпқойлар: Махаббат Еспенова ("КАМЕДА" ҚҚ), Бақытгүл Мүбаракова және Самат Панов (@synergy_leadership, @astanatoastmasters негізін қалаушы) арқылы білім алуға және дағдыларды игеруге тамаша мүмкіндік ұсынылды.

Естеріңізге сала кетсек, дәл қазір USAID қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қорының "Инновациялық шешімдер" гранттық конкурсы өтуде. Қатысушылар курста оқу барысында жаттықтырушылардың көмегімен және қолдауымен осы конкурстың шарттарын талдап, өз өтінімдерін қалыптастырды.