Елордада кезекті жәрмеңке өз жұмысын бастады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада кезекті жәрмеңке өз жұмысын бастады
фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада елордалық тауар өндірушілердің қатысуымен тағы бір қалалық жәрмеңке басталды, деп хабарлады  Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде көкөніс өнімдері, жеміс-жидек, сиыр еті сияқты тауарлардың кең ассортименті ұсынылады.

Жәрмеңке күн сайын сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін «Asia Park» СО автотұрақ аумағында (Қабанбай батыр даңғылы 21) өтеді.

Сондай-ақ «Джафар» сауда орталығы жәрмеңкесінің аумағындағы ет бөлімі күн сайын жұмыс істейді.