00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Jana Beles Fest» шығармашылық фестивалі өтеді

22 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Jana Beles Fest» шығармашылық фестивалі өтеді
Фото: дереккөз

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні орай орта арнаулы оқу орындарында «Jana Beles Fest» шығармашылық фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

«JANA BELES FEST-2024» фестивалі елордалық жастардың ең жігерлі және шығармашылық өкілдерін біріктіретін студенттер үшін маңызды іс-шаралардың бірі болып саналады.

Фестивальдің мақсаты – Астана қаласының жастары арасында мәдениет пен өнерді дамыту, сондай-ақ көшбасшылық дағдылар мен коммуникабельділікті дамыту, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту, мәдени тәрбиені арттыру, талантты студенттерді анықтау және жан-жақты қолдау.

Жобаның ашылу салтанаты 22 сәуірде, ал жабылу салтанаты Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.