00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада іскер әйелдер форумы өтті

3 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада іскер әйелдер форумы өтті
фото: ұйымдастырушылардан

Бүгін елордада «Экономикалық сын-қатерлерге заманауи көзқарас» атты ауқымды бизнес форум өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған «Әйел және бизнес» тақырыбындағы форумға еліміздің 200-ге жуық нәзік жанды бизнес өкілдері жиналды. Сондай-ақ, ASMAR Қазақстанның кәсіпкер әйелдері ұлттық қауымдастығының төралқа төрағасы Ләззат Рамазанова мен журналист, бизнесмен Арманжан Байтасов қатысты. 

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – кәсіпкер қыз-келіншектерге мәселені талқылау аймағын қалыптастыру және бизнестің жүйелі дамуына жол ашу. Форумның жұмысы әйел-кәсіпкерлердің төл өнімдерін халыққа ұсынған көрмеден басталды. Олардың қатарында экологиялық таза өнімдер, қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен тәтті тағамдардың түр-түрі бар. Келуші қонақтарға ұсынылған өнімдер тек тамашалап қана қоймай, ұнағанын алуға да мүмкіндік жасалды.

MAX24911.jpg

Астана қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлнара Балахметов форумның жұмысын бастап, әйелдердің бизнестегі қызметі сан алуан екенін атап өтті. Ең бастысы, әлемдегі өзгерістерді бақылап, нарықтың жаңа сын-қатерлеріне қарай бейімделе алу керек.

Отандық бизнесте әйелдер кәсіпкерлігінің маңызы зор. Бүгінде нәзік жандылар басқаратын кәсіптер күн сайын кездесетін қиындықтарға қарамастан өте белсенді дамып келеді. Дегенмен кәсіпкерлікте сын-қатерлерге дайын болу керек. Оған алдын ала бейімделу қажет екенін білетін кәсіпкер ғана өз бизнесін жаңа бағытта ұсынып көреді. Әр қиындыққа мүмкіндік ретінде қарау керек. Кәсіпкер ойлап табатын өзгерістер тек оның ісіне ғана емес, өзі тұратын аудан немесе қалаға да экономикалық септігін тигізеді,- дейді Гүлнара Балахметов.

MAX24914.jpg

Форум аясында қатысушылар өз бизнестерінің шыңына шығу жолында жеткен жетістігі мен тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ бизнес бастаудың жолында кездесетін түрлі кедергілерді талқылады.