00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін жағдай жасалған

Елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін жағдай жасалған
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада мүгедектігі бар 36 мың адам тұрады, оның ішінде 21 мыңнан астамы дауыс беретін болады. Референдум күні олардың дауыс беру пунктеріне инватакси жеткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінде қолайлы жағдай жасау бойынша қосымша шаралар енгізілді: пандустар, тұтқалар мен тактильді белгілер, көру қабілеті бұзылған азаматтарға аудиожазбаны тыңдағаннан кейін бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндік беретін қолжетімді трафарет, мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркелген учаскелерде жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар.

Астана тұрғыны Әсемгүл Әбдірахманова №83 мектеп-гимназияда орналасқан №56 сайлау учаскесіне инватакси арқылы келді. Сайлау учаскесінде оған ыңғайлы және қолжетімді дауыс беру үшін қажет нәрсенің бәрі берілді.

«Участокқа келгенімде жол тауып жүруім үшін еріктілер қарсы алды. Бұл дауыс беру мен үшін шектеулерге қарамастан барлығына кеңістікті қалай ұйымдастыруға болатынының үлгісі болды», – деп атап өтті сайлаушы.

Астанада таңертеңгі сағат 07.00-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады:

- Ресми веб-қызмет: referendum.astana.kz

- Telegram-да чат-бот арқылы: referendum_astana_bot

- іKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 нөмірі бойынша;


- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қолданбаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.