00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада балалар қауіпсіздігі мәселесі қаралды

5 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада балалар қауіпсіздігі мәселесі қаралды
Фото: дереккөз

Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен елорда әкімдігі және «Senim» қоғамдық қорының қатысуымен отырыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда прокуратурасы профилактикалық жұмысқа баса назар аударады, атап айтқанда кәмелетке толмағандар арасында есірткі қабылдауға қарсы күреске, олардың жыныстық тиіспеушілігіне және мектептегі буллингке қатысты.

Отырыс барысында қоғамдық қор балалардың қауіпсіздігі мен олардың психологиялық денсаулығына қатысты жобаның презентациясын өткізді, - делінген прокуратура ақпаратында.

Отырысқа қатысушылар балалар қылмыстарының профилактикасына қатысты бірлескен жоба дайындады.

Отырыс нәтижесімен балалар қауіпсіздігі мен жасөспірімдер қылмысының профилактикасын қамтамасыз ету үшін жоспарланған іс-шараларды бірігіп жүзеге асыру жоспарланды.