Елордада ауа райына байланысты автобустар кешігіп жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ауа райына байланысты автобустар кешігіп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты қала ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындап, салдарынан автобус бағдарлары кешігіп жатыр. Бұл туралы CTS компаниясы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info. 

Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік ағындары мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді, автобус бағдарларының кешігуі орын алады, қала ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындады.  
Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді.  CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз, - делінген компанияның хабарламасында.