00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада алғаш рет киіз үй тігуден шеберлік сағаты өткізілді

12 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада алғаш рет киіз үй тігуден шеберлік сағаты өткізілді
Фото: Сабина Арыстан

Елордада алғаш рет киіз үй тігуден шеберлік сағаты өткізілді, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақ елінің көне дүниетанымын көрсететін киіз үй – рухани мәдениеттің үздік үлгісі. Аталған шеберлік сағатына ауданның мектеп оқушылары қатысып, ұлттық құндылығымыздың ерекше көрінісіне куә болды. 

Шеберлік сағаты барысында этнограф Акеділ Тойшанұлы оқушыларға киіз үйді тігу техникасы мен ерекшеліктерін айтты. Алдымен киіз үйдің теориялық құрылымы жайында таныстырылымын тыңдаған жастар, одан кейін үйді тігу барысын өз көздерімен көрді. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкерлері ғимарат алдында 12 қанат ақ орданы қалай дұрыс тұрғызу жолдарына жеке-жеке тоқталып, жастарға егжей-тегжейлі түсіндірді.

Шеберлік сағат барысында тарихымыздағы ең бірінші киіз үй құрылысына қажет шаңырақ, кереге, уық сынды заттардың әрбірінің маңызы жайлы айтылып, жиналған жастарға насихатталды. 

Іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Досымжан Таңатаров пен танымал актер Асылхан Төлепов қатысып, өнерлерін ортаға салды. Өз білгендерін жастармен бөлісті. 

Айта кетейік, аталған шеберлік сағаты аудан аумағында дәстүрлі түрде жалғасын табады.. Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында Байқоңыр ауданының тұрғын алаптарында да өткізіледі.