Елордада ақылы автотұрақтарды кімдер тегін пайдалана алады?
Астанада азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
«Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС мәліметінше, жеңілдікке 10 500-ден астам өтінім сәтті расталды.
Азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін барлық аймақтарда тұрақ тегін, тіркеу жүйесі ресімделген жеңілдіктің болуын автоматты түрде анықтайды.
Елордадағы жеңілдіктердің ең көп санаты - Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккендер. Пайдаланушыларға astanapark.kz веб-сайтындағы арнайы нысан арқылы онлайн режимінде өтініш беруге болатындығы туралы хабарлаймыз. Тікелей жеңілдікпен тіркелген көлік тегін тұраққа рұқсат ала алады, - дейді «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС компаниясының қызметкерлері.
Елорда әкімдігі бекіткен ережеге сәйкес, азаматтардың келесі санаттары тегін автотұрақты пайдалана алады:
- Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері;
- Бала кезінен мүгедектер және бірінші, екінші топтағы мүгедектер;
- «Алтын қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерімен марапатталған тұлғалар;
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;
- Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан радиациялық әсерге ұшыраған адамдар;
- Ауғанстандағы соғыс мүгедектері және жергілікті жауынгерлік әрекеттерінің жауынгерлері: Тәжік-ауған шекарасы, Таулы Қарабақ, Ирак және т.б.
Айта кетейік, 1 қазаннан бастап демалыс және мереке күндері автотұрақтар ақылы болады. Тұрақ құны сағатына 100 теңгені құрайды.
Автокөлік иелері төлемді Kaspi.kz қосымшасы, Homebank қосымшасы, astanapark.kz сайтындағы жеке кабинет, терминалдар және Касса24 сайты арқылы төлей алады. Көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 3 АЕК құрайды.