00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 28 адам жол апатынан қаза тапты, оның үшеуі балалар – прокуратура

24 қазан, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Елордада 28 адам жол апатынан қаза тапты, оның үшеуі балалар – прокуратура
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада жыл басынан бері жол апатынан мыңнан астам адам жарақат алып, 28-і мерт болған. Бұл туралы бүгін қалалық прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қала прокуроры Е.Р.Өтегеновтың төрағалығымен 2024 жылдың 9 айында елорда жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жиын өтті.

«Отырыста жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге өскені атап өтілді. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 1 383 адам жарақат алып, 28 адам қайтыс болса, оның 3-і кәмелетке толмағандар. Бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы және т.б. бірқатар кемшіліктер анықталды», - деді Астана қаласының прокуратурасы.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзуы, бағдаршамның тыйым салу сигналының талаптарын орындамауы, қашықтықты сақтамау, жолдың қарсы бағытына шығу.Сонымен қатар, бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы да өз әсерін тигізген.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар берілді, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын - алу жөніндегі шаралар кешені әзірленді.