00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 2,5 мыңнан астам жұмысшы қар тазалауға шықты

15 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 2,5 мыңнан астам жұмысшы қар тазалауға шықты
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада соңғы күндері қар аралас жауын-шашын жауды. Коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жүр. 15 наурызда қар тазалауға 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

15 наурыз күні таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2,5 мыңнан астам жұмысшы мен 1,1 мыңнан астам арнайы техника шықты.

14 наурыздан 15 наурызға қараған түні коммуналдық қызмет полигондарға 1 400-ден астам рейс жасап, 19 мың текше метрден астам қар шығарды.

Қыс басынан бері елордадан 459,2 мың рейс, 6,3 млн текше метр қар шығарылды.

Қалада қар тазалау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болу, жылдамдық режимін сақтау сұралады.