00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 19 жастағы есірткі делдалы ұсталды

14 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 19 жастағы есірткі делдалы ұсталды
Фото: polisia.kz

Астанада интернет-дүкен арқылы синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Заманауи жастар арасында жаңадан шыққан синтетикалық есірткі мен психикалық белсенді заттарды қолдану сәнге айналып, кеңінен насихатталуда. Бұны есірткі делдалдары пайдаланып, интернет ресурстары арқылы тыйым салынған заттарды жаппай саудалауда. Сондықтан елордалық полицейлер синтетикалық есірткіні өткізуге қатысы бар интернет-дүкендерді жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары кезінде Қабанбай батыр даңғылында тікелей байланыссыз, интернет-дүкен арқылы есірткі өткізген 19 жастағы астаналық жас жігітті анықтады.

Есірткі делдалы тауарды халық көп жиналатын орындарға жасырып кетіп отырған. Жедел тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіт қылмыс жасағанын мойындаған және интернет-дүкеннің жұмыс жүйесі жайлы, ол жерден заңсыз сыйақы алғаны туралы да айтып берген. Оны жеке тінту барысында синтетикалық есірткісі бар 40 түйіншек табылып, тәркіленді. Алынған «Мефедрон» деп аталатын синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 40 грамм немесе 150 рет қолданылатын доза. Күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір есірткіні өткізуге бірге қатысқандарды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген полиция таратқан мәліметте.