00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады

«Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады
Фото: gov.kz

Астана қаласының Тұрғын үй орталығы «Елорда жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.

«Елорда жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2024 жылғы 4 қыркүйек күні сағат 9:00-ден бастап, 2024 жылғы 10 қыркүйек күні сағат 23:59-ға дейін жүргізіледі.

Өтінімдерді қабылдау birge.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

«Елорда жастары» бағдарламасы «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Отбасы Банкі» бағдарлама бойынша беретін кредиттік қарыздар саны – 75.

Бағдарлама туралы толығырақ Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайтынан мына сілтеме бойынша білуге болады.