00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды

«Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды
коллаж Elorda.info

«Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды

Елордада тұрақты тіркеуде 1 жыл тұрған 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар birge.astana.kz порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.

Бағдарлама «Отбасы Банкі» АҚ арқылы елордадағы бастапқы/қайталама нарық арқылы 80 жастың жеке пәтер сатып алуына мүмкіндік береді.

Оған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласында жұмыс істейтін жеке ұйым және әлеуметтік қызметкерлер, ЖОО және ҒЗИ оқытушылары, журналистер, Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындары мен мекемелерінің бейінді қызметкерлері қатыса алады. Сондай-ақ аталған бағдарламаға қызмет саласына қарамастан Астанада «Жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар, полиция және Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері енеді.

Порталда қатысуға өтінімді толтыру кезінде таңдалған аймақ өтініш беруші жұмыс істейтін аймақпен сәйкес келуі керек.

Қарыздың ең жоғары сомасы 18 млн теңге, бастапқы жарна 10%, қарыз бойынша мөлшерлеме жылдық 5%, 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Толық ақпаратты zhilfond.kz сайтынан алуға болады.