«Elorda zhastary» бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері жарияланды
Тұрғын үй орталығы және Астана қаласының Тұрғын үй және үй инспекциясы басқармасы «Elorda zhastary» бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іріктеу нәтижесін zhilfond.kz және www.gov.kz сайтынан көруге болады. Үміткерлер «Мақұлданды», «Резерв» және «Мақұлданбады» деген үш тізім бойынша топтастырылған.
«Мақұлданды» тізіміндегі азаматтарға өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық поштаға, «Отбасы банк» АҚ жіберудің электрондық нұсқасы 2024 жылдың 8 қазанда жіберіледі. Оны басып шығарып төлем қабілеттілігін бағалау үшін Астана қаласындағы «Отбасы банк» АҚ кез келген бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде жүгіну қажет. «Отбасы банк» АҚ жолдама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде келмесе Тұрғын үй орталығы жолдаманың күшін жоюға құқылы.
«Резерв» тізіміндегі азаматтар бағдарламаның негізгі шарттарына сәйкес келеді. Алайда аз балл жинаған немесе лимит аяқталуын ескере отырып, резервтік тізімге енгізілген. Егер мақұлданғандардың негізгі тізімінен банкте төлем қабілеттілігін растамағандар болса, төлем қабілеттілігін өтуге жолдама тізімдегі кезектілікке сәйкес мақұлданғандардың резервтік тізімінен азаматтарға берілетін болады.
«Мақұлданбады» тізіміндегі азаматтар бағдарлама талаптарына сәйкес келмейді.