Елорда кітапханаларында қазақ тілінен тегін курстарға қабылдау жүргізіледі
9 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
№12 бұқаралық кітапхана және Астана ОКЖ КММ Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы «Руханият» КММ-мен бірлесіп, қазақ тілін үйрену бойынша тегін курстарға қабылдау басталғанын жариялады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Курстар 18 жастан асқан жаңадан офлайн форматта бастауыш және жалғастырушы деңгейлер бойынша өтеді.
Оқыту 1 ақпаннан басталады. Оны өтуге ниет білдірушілер өздерімен бірге жеке куәлігінің көшірмесін алып баруы қажет. Сабақтар аптасына 2 рет, ұзақтығы 1 сағат 20 минуттан өткізіледі.
Курстарға жазылу үшін мына мекенжайларға бару керек: Луи Пастер көшесі, 73, 10:00-ден 17:00-ге дейін (№12 көпшілік кітапхана), Бөгенбай батыр даңғылы, 52 (Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы).
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Алматы ауданында зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті
21 қараша, 2024
Елордада «Наз» мемлекеттік би театрына арналған кітаптың тұсаукесері өтті
21 қараша, 2024
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға арналған орталық ашылады
21 қараша, 2024
Мәслихат депутаттары елордадағы жастар орталықтарының жұмысымен танысты