Елорда халқының саны 1 млн 370 мың адам – әкім

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда халқының саны 1 млн 370 мың адам – әкім
коллаж Elorda.info

Қазіргі кезде Астана қаласының халқының саны 1 млн 370 мың адам. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Инвестиция көлемі: 427,6 млрд теңге, 20,9%-ке өсім. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес мөлшері 220,1 мың, 25,2-ке өсім% 

Тауар айналым көлемі 10,6%-ке өсіп, 742,3 млрд теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,2%-ке ұлғайды (152 млрд. теңге).

1 215 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,4%-ке көп (ИФО – 135,4%), - деді әкім.

Жыл сайын қалаға 50 мыңға жуық жаңа тұрғындар келеді, 30 мың бала туады. Күн сайын Талапкер, Қосшы, Қоянды сияқты қала маңыдағы елді-мекендерден елордаға 150 мың адам келіп-кетеді. 

 Жыл басындағы жағдайға сәйкес елорда халқының саны 1 млн 370 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш бас жоспардың болжамынан бірнеше есе көп, - деді әкім.

Сондай-ақ әкім қаланың тез дамуы мен халық санының өсіміне байланысты елорда алдында бірқатар жаңа міндеттер тұрғанын айтты.

«Тұрақты экономикалық өсімді сақтау; 

- тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау; 

- инфрақұрылымдық дамуы және экологиялық тұрықтылықты қамтамасыз ету; 

- миграциялық ағымды бақылау. 

Осыған орай біздің алдымызда күрделі міндет тұр, ол – миграцияның жоғары қарқыны жағдайында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тиімді шаралар кешенін қабылдау, - деді әкім.